Қарағандыда студенттер жанжалдасып, салдарынан бір жігіт пышақ жарақатын алған
Жарияланған күні:
Читать на русском21 қыркүйекте Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде студенттер арасында жанжал болды. Кенеттен туындаған жанжал салдарынан 19 жастағы жігіт пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ПД мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді.
"Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінен.
Еске сала кетсек, бұған дейін Семейде перзентхана маңында қолына пышақ ұстаған 34 жастағы әйел полицияға жеткізілгенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037604-qaragandyda-studentter-zanzaldasyp-saldarynan-bir-zigit-pysaq-zaraqatyn-algan/