Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

1 қазанға қараған түні алматылықтар ошағы көршілес ел Қырғызстанда орналасқан жер сілкінісін сезген, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі сағат түнгі 03:30-да жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқаны анықталды.

Алматыда жер асты дүмпулердің сезілу деңгейі 2-3 баллды құраған.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде қалада жер сілкінісі салдарынан ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат жоқтығын айтты.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінде жер сілкінісі кезінде азаматтарға мынадай әрекет ету ережелерін еске салды:

  • сабыр сақтау керек, үрейленбеуге тырысу қажет;
  • жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаған абзал;
  • жиһаздан, терезелерден, люстралардан және т.б. алшақ болу керек;
  • мықты, қауіпсіз баспана табу қажет: азамат жоғарғы қабаттарда орналасқан жағдайда қабырғалардың бір бұрышына сүйеніп, тығылған жөн;
  • жер сілкінуі аздап тоқтағаннан кейін көпқабатты үйлерден, ғимараттардан шығу керек;
  • суды, газды және электр қуатын өшіріп қою қажет;
  • алғашқы шұғыл көмек көрсету чемоданын алып, дайындалған жөн;
  • электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан алшақ болу керек;
  • адамдар дүмпулер доғарғанның өзінде тағы бір жер сілкінісіне дайын болуға тиіс;
  • егде жастағы адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2038930-almaty-turgyndary-zer-silkinisin-sezdi/