Алматыда алты жасар атыраулық бала көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русскомОңтүстік астанаға жарысқа келген алты жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары 2017 жылы туған баланың өлімін растап отыр.
"Баланың өліміне байланысты Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады полициядан.
AtyrauPress.kz басылымының хабарлауынша, көз жұмған бала Алматыға бапкерімен және басқа да спортшы балалармен бірге жарысқа қатысу үшін келген.
Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға 30 қыркүйекте болған. Балалар дүкенге барып келуге сұранған, сол кезде жазатайым оқиға болып, салдарынан бала көз жұмған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039080-almatyda-alty-zasar-atyraulyq-bala-koz-zumdy/