Алматыда электр бағанына шыққан электрші тоқ ұрып, қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желіде Алматыда электр бағанасына шығып, жұмыс істеп жатқан электршінің қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы Egov.press арнасында оқиға орнынан видео жарияланды. Кадрларға қарағанда, ер адам жұмыс істеп жатқан кезде қаза тапқан.
"Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұрғын үй кешенінің басшылығы электршіні жабдықсыз жіберген. Өйткені олар бәріне үнемдейді", - деп жазады басылым.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Аталған факті бойынша Түрксіб ауданы әкімдігінің полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводан.
Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2040865-almatyda-elektr-baganasynda-tok-soqqan-elektrik-oqiga-ornynda-koz-zumdy/