Павлодарда су құбырын тарту кезінде екі адам топырақ астында қалып, біреуі көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодарда жеке үйлердің бірінде су құбырын тарту кезінде екі ер адамды топырақ басып қалып, салдарынан біреуі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Басылымның облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 15 қазанда Достоевский көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласында болған.
Анықталғандай, үй иесіне су құбырын тартуға көмектесіп жатқанда екі ер адамды топырақ басып қалған.
"Құтқарушылар 1977 жылы туған азаматты үйінді астынан шығарды. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Өкінішке орай, 1972 жылы туған екінші адамды аман алып қалу мүмкін болмады", – дейді ТЖД өкілдері.
Ер адамдарды құтқару жұмыстарына 11 адам және үш техника жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041159-pavlodarda-su-qubyryn-tartu-kezinde-topyraq-astynda-qalgan-adam-koz-zumdy/