Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында әйел мен оның екі баласы өлі күйінде табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жер үй
Жер үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында жер үйлердің бірінде әйел мен оның балаларының денесі табылды. Олардың иіс тиіп көз жұмғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 30 қазанда Федоров ауданындағы Лесное ауылында жеке тұрғын үйде отын жағып, пешті жылыту кезінде 1975 жылы туылған үй иесіне иіс тиіп, аудандық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ үйде 1984 жылы туған әйел мен 2013 және 2008 жылы туған балалардың денесі табылды.

Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барды.

ТЖД дерегінше, алдын ала болжам бойынша пештің жарықтары сыланбаған, ал сыртындағы шойын плитасы жарылған. Салдарынан отбасы улы газдан уланып қалған.

Ведомствоның баспасөз қызметі 2022 жылдың 10 ақпанында аталған мекенжайда Федоров ауданы ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат пен профилактикалық жұмыстар жүргізгенін хабарлалы.

Тексеру барысында 3 заңбұзушылық анықталған (сымдардың бұралуы, мұржа мен шойын плитада жарықтардың пайда болуы).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2043443-qostanai-oblysynda-aiel-men-onyn-eki-balasy-oli-kuide-tabyldy/