Алматыдағы өрт: оқиға орнында қазір не болып жатыр (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты. Оқиға орнында қазір жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Төтенше жағдай болған жерге ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев пен Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Осыған дейін төтенше жағдайлар департаменті хостелдің үш қабатты ғимараттың бірінші және жертөле қабаттарында орналасқанын хабарлаған болатын.
Төтенше жағдай кезінде хостел ішінде 72 адам болған. 59 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Келген өрт сөндірушілер 13 адамның мәйітін тапқан. Алайда ведоства басқа да құрбандар болуы мүмкін екенін атап өтті.
Сонымен қатар бір топ адам қаза тапқан хостел жайлы ақпарат белгілі болды.
Сондай-ақ Алматы әкімдігі өрт жайлы мәлімдеме берді.
"Сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір 56 адам жақын маңдағы мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048339-almatydagy-ort-oqiga-ornynda-qazir-ne-bolyp-zatyr-foto/