Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өз пәтерінде ер адамның денесі табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Пышақ
Пышақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте 28 жастағы тұрғын өлі табылды. Ер адамды пәтерінен анасы тапқан. Күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Otyrar.

Басылым Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, 1 желтоқсанда Қаратау аудандық полициясының 102 пультіне әйел қоңырау шалып, пәтерінен ұлының денесін тапқанын айтты.

"Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы 28 жастағы ер адамның мойын тұсынан пышақталған денесін тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, бұл дерек "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне орай күдікті туралы мәліметтерді әзірге жария етпейтінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің жанынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048850-moiyny-kesilgen-symkentte-er-adamnyn-denesi-tabyldy/