Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы жасақ тоқтата алмаған: Ақтаудағы бар маңында ер адамдар арасында болған төбелес видеоға түсіп қалды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: youtube.com/@aktauladabackup

Ақтауда ер адамдар арасында болған төбелес видеоға түсіп қалды. Оқиға орнына бірінші болып жедел әрекет ету бойынша арнайы жасақ қызметкерлері келіп жеткенімен, олар да төбелесті тоқтата алмаған. Кейін полицейлер төбелеске қатысы бар деп күдіктелген екі адамды ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым жазуынша, 19-шы шағын ауданда орналасқан бардың кіреберісінде ер адамдар арасында төбелес шыққан. Бұл жайт 17 желтоқсанға қараған түні видеоға түсіп қалды.

Куәгерлердің айтуынша, спорт барына келушілер бір-бірімен төбелесіп қалған. Видеодан қақтығысқа қатысушылардың бірі қолына тас алып, қарсыласына қарай жүгіргенін көруге болады.

Сондай-ақ басылым ақпараты бойынша, оқиға орнына жедел әрекет ету бойынша арнайы жасақ қызметкерлері келіп жеткенімен, олар ашуға булыққан ер адамдарды тоқтата алмаған.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер екі ер адамды ұстады.

"Полиция бөліміне 33 және 34 жастағы күдіктілер жеткізілді, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", – деді полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2051321-arnaiy-zasaq-toqtata-almagan-aqtudagy-bar-manynda-er-adamdar-arasynda-tobeles-syqty-video/