Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан СІМ қызметкерлері Сеулде өрт шыққан көлікті сөндірді (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Өртті сөндіріп жатқан СІМ қызметкері
Өртті сөндіріп жатқан СІМ қызметкері. Видеодан кадр: instagram.com/thekoreaherald

Қазақстандық дипломаттар Сеулде оқыс оқиғаның алдын алды. Олар өрт шыққан көлікті сөндірді. Оқиға Қазақстан елшілігіне қарама-қарсы орналасқан ғимараттың жанында болған.

Оқиға орнынан кадрлар The Korea Herald басылымының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Басылымның жазуынша, елшіліктің екі қызметкері оқиға орнына жақын жерде болып, бірден әрекет еткен.

Жарияланған кадрларда қара-сары күртеше киген ер адамның өрт сөндіргіш көмегімен өртті сөндіріп жатқанын көруге болады. Кейін төтенше жағдай орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келген.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Қазақстан елшілігінің кезекші коменданты Руслан Қайрамбаевтың өртті өшіріп жатқан сәті видеоға түсіп қалғанын мәлім етті. Оған бірінші хатшы Бауыржан Байтілеуов көмектескен.

"Екі қызметкеріміз де өрт шыққан көлікті байқап, бірден әрекет еткен. Олар өрт сөндіргішті қолданып, өртті сөндіріп, жалынның одан әрі шарпуына жол бермеді. Егер дер кезінде қимылдамаса, салдары ауыр болатын еді. Өйткені, бұл аймақтағы ғимараттар тығыз орналасқан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2051605-qazaqstan-sim-qyzmetkerleri-seulde-ort-syqqan-kolikti-sondirdi-video/