Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті: қаза тапқандар бар
Жарияланған күні:
Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус бір топ адамды қағып кетті. Әлеуметтік желілерде үш адам қаза тапқаны хабарланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Kris_p_almaty Telegram-арнасы №7 аурухананың алдында апат болғанын жазды. Сондай-ақ арна оқиға орнынан қорқынышты кадрларды жариялап жатыр.
Kozachkov offside Telegram-арнасының мәліметтері бойынша автобус бір топ адамды қағып өткен.
"Алматыда апат - автобус жаяу жүргіншілер тобын басып кетті. Алдын ала, үш адам қаза тапты, ақпарат нақтылануда", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052216-almatyda-avtobus-bir-top-adamdy-qagyp-ketti-qaza-tapqandar-bar/