Алматы облысында павильондар, билбордтар мен сауда үйін өрт шарпыды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖексенбіге қараған түні Алматы облысының Есік қаласында қатты өрт болып, билбордтарды, павильондарды және сауда үйлерін шарпыған деп хабарлайды, өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, 24 желтоқсан күні сағат 03:35-те кезекші бөлімге Еңбекшіқазақ ауданы, Есік елді мекенінде Фрунзе және Алматы көшелерінің қиылысында шатыр, билбордтар, сауда павильондары өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт орнына дереу ведомствоның күштері мен құралдары жіберілді.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері сағат 03:40-та жеткенде сауда павильондары, дүкендер мен "Пассаж" сауда үйінің шатыры өртенді. Сонымен қатар оқиға орнына жақын маңдағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жіберілді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті өрттің үлкен аумаққа таралуына өрт туралы кеш хабарлау себеп болғанын қосты. Қабылданған шаралармен өрт 06:20-да оқшауланып, 07:40-та сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 1958 шаршы метрді құрады.
"Өрттің жақын маңдағы "Халифа" сауда үйіне, киім-кешек қоймасына және жиһаз дүкеніне таралуына тосқауыл қойылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тергеу бөлімінің бастығы мен өртке қарсы сынақ қоймасы жіберілді", - деп хабарлады ведомстводан.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 34 қызметкері мен 11 техникасы, жол-патрульдік қызметтен 6 қызметкер мен 3 техника, жедел медициналық жәрдем бригадасынан 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052320-almaty-oblysynda-pavilyondar-bilbordtar-men-sauda-uiin-ort-sarpydy-video/