Атырауда газ дүмпуінен үй жартылай қирап қалды: бес адам күйік алды (фото)
Жарияланған күні:
Атырауда жекеменшік үйде газ жарылысы болып, бес адам зардап шекті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2 қаңтарда Атырау қаласындағы Көкарна ауылында болған.
"Сағат 11:10-да Call-орталығына Атырау қаласы, Көкарна ауылы, Көкарна көшесі мекенжайындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпу болғаны, содан кейін 9 шаршы метр көлемінде қабырғаның қирауы және 140 шаршы метр алаңда үйдің жануы анықталды", - делінген хабарда.
Ведомство хабарына қарағанда, өрт сағат 12:03-те оқшауланып, сағат 12:22-де жойылған. Салдарынан 5 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылған.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053622-atyrauda-gaz-dumpuinen-ui-zartylai-qirap-qaldy-bes-adam-kuiik-aldy-foto/