ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда екі көлік соқтығысты. Жантүршігерлік апат салдарынан төрт адам қаза болды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қаңтарда сағат 22:20 шамасында Өскемен-Шемонаиха автожолының 8-шақырымында Глубокое ауданы Уварово ауылының маңында жол апаты болған.
Toyota Corona Premio және Toyota Vista соқтығысуынан апат орнында төрт адам, оның ішінде кәмелетке толмаған екі адам қайтыс болды.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталады.
"Полиция департаменті осы қайғылы апатта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады және жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, маневр жасауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады. Өзіңізді қорғаңыз және есіңізде болсын, үйдегілер сізді күтеді", - деп атап өтті ведомстводағылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053711-sqo-da-zantursigerlik-zol-apatynan-tort-adam-qaza-tapty/