Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы тұрғын үйде өрт шықты

Жарияланған күні:

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Қарағандыдағы тұрғын үйде өрт шықты. 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасы.

Ведомство ақпараты бойынша, 13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері өртенген.

Өрт бір сағаттан аз уақыт ішінде сөндірілді. Ешкім зардап шегіп, қаза тапқан жоқ.

"ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

  • сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмау керек;
  • электр құрылғылары мен желілерінің жұмысқа жарамдылығын қадағалау қажет;
  • бірнеше электр құрылғыларының бір желіге қосылуына жол бермеген жөн;
  • балалардың отпен ойнауына жол бермеу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055362-qaragandydagy-turgyn-uide-ort-syqty/