Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында газ құбырынан өрт шығып, мыңнан аса тұрғыны бар ауыл алты сағат жылусыз отырды

Жарияланған күні:

өрт
Газ құбырынан шыққан өрт. Фото: ауыл тұрғынының жеке мұрағатынан

Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Қаратал ауылына келетін газ құбырын жөндеу кезінде ұшқын тұтанып, өрт шықты. Мыңнан аса тұрғыны бар ауыл халқы алты сағат газсыз отырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

15 қаңтар күні кешкі уақытта Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында газ құбырынан өрт шығып, көгілдір отын беру уақытша тоқтатылды. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, өрт құбырды жабу арқылы сөндірілген.

"Газды қарайтын ауылішілік слесарь бар. Сол жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан кезде ұшқыннан тұтанып кеткен. Дерек ауылға газ таратып тұрған құбырды жауып тастады. Сол кезде от сөнді. Ешқандай қауіп жоқ. Барлығы 6 сағаттан соң қосылды. Мектеп, балабақша бізде электр тогы арқылы жылытылады, әзірге оларға газ қосылмаған еді. Сондықтан әлеуметтік мекемелерді жылу тұрақты беріліп тұрды. Ал газ құбырының қорапшасын жөндеу кезінде қосалқы бөлшек керек болып, кідіріп қалдық. Тек Қаратал ауылы. 187 үй еді, бәрі қосылып тұр, қысымы да жақсы", - деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.

Оқиға орнына Ойыл аудандық №18 өрт сөндіру бөлімінің арнайы техникасы және жеке құрамнан 5 өрт сөндіруші барған. Алайда Қаратал ауылына келетін газ құбырын жабу арқылы өрт сөндірілгені хабарланды. Қазіргі таңда Ойыл газ шаруашылығы мекемесі қызметкерлерімен жұмыстардың толық аяқталып, ауылға газдың берілгені хабарланды.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055852-aqtobe-oblysynda-gaz-qubyrynan-ort-sygyp-mynnan-asa-turgyny-bar-auyl-alty-sagat-zylusyz-otyrdy/