Павлодарда төбелес шығарған ерлі-зайыптының ісі сотта қаралады
Жарияланған күні:
Павлодарда ерлі-зайыпты арасында туындаған отбасылық жанжал төбелеске ұласқан. Бір-бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін күйеуі де, әйелі де жазаға тартылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Instagram-парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, бұл отбасылық жанжал ісін Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің полицейлері қараған.
"Павлодар қаласында Назарбаев даңғылы бойында отбасылық жанжал болды, кейін ол өзара төбелеске ұласты. Сот-медициналық сараптама ерлі-зайыптының екеуіне де тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, ерлі-зайыпты бір-бірінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша ерлі-зайыптыға қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Материалдар қарау үшін сотқа жіберілді", - дейді Павлодар қаласы ПБ учаскелік полиция аға инспекторы Асылбек Көкішев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056231-pavlodarda-tobeles-sygargan-erli-zaiypty-zazalandy/