Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңындағы өнеркәсіп аймағынан алапат өрт шықты

Жарияланған күні:

Өрт
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: t.me/Zanamiviehali

Бүгін таңғы уақытта Алматы облысы Первомай өнеркәсіп аймағында полиэтилен өнімдері сақталған қойма өртенді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облысты ТЖД-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 7 шамасында кезекші бөлімге Іле ауданының Первомай өнеркәсіп аймағында металл конструкцияларынан жасалған, аумағы 3600 шаршы метр болатын полиэтилен тауарлары сақталған қоймадан өрт шыққаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Сағат 7:20–да алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде нысан толығымен отқа оранған еді. Сонымен қатар, шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жақын маңдағы бөлімшелердің күш-құралдары жіберілді. Өрттің үлкен аумаққа таралуының себебі — өрт туралы кеш хабарлау. Сондай-ақ ең жақын орналасқан Боралдай кентінің 9-өрт сөндіру бөлімінен арақашықтық — 15 км. Облыс орталығынан — 87 км", - деп хабарлады департаменттен.

Облыстық ТЖД ақпаратына сілтеме жасаған агенттік мәліметінше, өрт сағат 9:12–де оқшауланды. Жақын маңдағы қоймаға оттың таралуына жол берілмеген.

"Ең жақын өрт гидранты 500 метр қашықтықта орналасқан. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді ТЖД өкілдері.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 37 қызметкері мен 14 техникасы және Алматы қаласынан 22 маман мен 4 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057239-almaty-manyndagy-onerkasip-aimagynan-alapat-ort-syqty/