Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры қардың салмағынан жартылай опырылып түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Үйдің төбесі құлады
Оқиға орны. Фото: instagram.com/serik__mukhamediev

Бүгін таңертең Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде жиналған қар мен мұз салдарынан шатыр жартылай опырылды. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты, бүгін Абай көшесі 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті.

Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр. Кейін шатырды қалпына келтіру мәселесін тұрғындармен бірлесіп шешетін боламыз", - деп жазды әкім.

Ол қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-ші жылдарда салынғанын, кейбіріне жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмегенін атап өтті. Бұл ретте ол осы сынды апатты жағдайларды болдырмау үшін шатырларды қар мен мұздан уақытылы тазарту қажеттігін айтты.

Petropavlovsk.news хабарлауынша, шатырдың опырылуынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алты подъезді ғимараттың біріншіден төртінші подъезге дейінгі төбесі опырылып түскен. Жоғарғы қабаттардағы кейбір балкондарда әйнек жарылған немесе толығымен сынған.

Серік Мұхамедиев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында үйдің шатырын ауыстыруға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057901-petropavlda-kopqabatty-uidin-satyry-qardyn-salmagynan-zartylai-opyrylyp-tusti/