Ақтаулық тұрғынның аяғы кәріз жүйесінің бетін жапқан темірге қысылып қалды
Жарияланған күні:
Бүгін Ақтаудың 5-шағын ауданында оқыс жағдай болды. Қала тұрғынының аяғы кәріз жүйесінің бетін жапқан темірге қысылып қалды. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Куәгердің айтуынша, ер адамның аяғы кәріз жүйесі қақпағының тесілген жеріне қысылып қалған.
"Оған көмектестік, ішінен аяқ киімін шешіп, аяғын тартып шығаруға тура келді. Ол адам жарақат алды. Қала әкімшілігінен осы мәселеге назар аударуды сұраймын", - деп жазған Ақтау қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мердігерге 5-ықшамаудандағы "Волна" базарының алдындағы орталық жол бойында орналасқан жауын суына арналған кәріз жүйесін жөндеу тапсырылғанын хабарлады.
"Қала бойынша нөсер жауын суына арналған 78 кәріз бар. Биылғы жылы күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта барлық нысандар бойынша ақау акті жасалуда. Ақау актісі бойынша сметалық есептеп шығарамыз, қаржыландыру көлеміне қарай барлық нөсер кәріздері жөнделеді", - дейді қала әкімдігінің өкілдері.
Қала әкімдігі 5-ықшамаудандағы кәріз жүйесінің қақпағы жөнделгенін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058090-aqtaulyq-turgynnyn-ayagy-kariz-zuiesinin-betin-zapqan-temirge-qysylyp-qaldy/