Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзен кен орнында жұмысшы қаза тапты

Жарияланған күні:

Мұнай кен орны
Мұнай кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

"Өзен" кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеудің түнгі ауысымында жазатайым оқиға болып, мердігер компания – "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС жұмысшысы қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Өзенмұнайсервис" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 27 қаңтарда болған.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау, алдағы уақытта мұндай жағдайларды алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспециясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатқаны айтылады.

"Бұл жағдай жұмыс беруші компания "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС мен "Өзенмұнайсервис" ЖШС басшылығының ерекше бақылауында. Басты міндеттеріміздің бірі - өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігі мен амандығы. Барлық персонал еңбекті қорғау және өнекәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша тиісті оқудан өтіп, олардың білімі үнемі тексерілетінін атап өткен жөн", - делінген хабарда.

Қазіргі уақытта жұмыс беруші компания "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетуге дайын. 

ҚМГ Инжиниринг ресми сайтындағы хабарға қарағанда, Өзен кен орны - Қазақстан Республикасындағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Ол Маңғыстау облысының аумағында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058554-ozen-ken-ornynda-zumyssy-qaza-tapty/