Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да тас жолда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы облысы
Көрнекі фото: pxhere.com

Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Петропавл – Жезқазған тас жолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды kazinform.

Полицейлердің мәлімдеуінше, қайғылы жағдай Есіл ауданына қарасты Покровка және Петровка ауылдарының арасында болған.

Онда Howo жүк көлігі мен Toyota Camry соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің 43 жастағы жүргізушісі қаза болды.

Camry көлігінің төрт жолаушысы, оның ішінде 45 және 20 жастағы екі ересек адам мен 15 және 16 жастағы екі жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Полиция таратқан мәлімет бойынша, жүк көлігін 62 жастағы ер адам басқарып келе жатқан.

"Сотрудниками полиции ведется сбор материала для назначения экспертиз и проведения досудебного расследования по факту дорожно-транспортного происшествия", - прокомментировали в пресс-службе ДП СКО.

"Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін материал жинап жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058956-sqo-da-tas-zolda-zuk-koligi-men-zenil-kolik-soqtygysyp-bir-zurgizusi-qaza-tapty/