Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парижде пышақ ұстаған ер адам вокзалдағы бірнеше адамды жарақаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Пышақ ұстап тұрған ер адам
Пышақ ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқыс жағдай Париждегі Лион вокзалында болды. Вокзалдағы адамдарға пышақпен тап берген ер адам ұсталды. Бірнеше адам жараланған.

Пышақпен жасалған шабуылдың салдарынан кем дегенде үш адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңертең болған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада қолға түсіргені хабарланды.

Шабуыл станция арқылы өтетін көлік қозғалысын шектеуге әкеп соқтырған.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің хабарлауынша, вокзалдағы адамдарға пышақ ала жүгірген ер адам Малидің тумасы болып шықты, 1992 жылы туған.

Ол полицияға италиялық жүргізуші куәлігін көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058971-birnese-adam-zaraqat-aldy-parizde-er-adam-vakzoldagy-adamdarga-pysaqpen-sabuyldady/