Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Халықаралық жасыл технологиялар орталығының басшысы ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кісен
Қол кісен. Көрнекі фото: vm/Getty Images

Елордада "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қамауға алынды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасын ұстады", - деп хабарлады ведомстводан.

Соттың санкциясымен оған қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Басқа ақпарат жарияланбады.

Ұйымның ресми сайтының мәліметінше, "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ – жасыл технологиялар саласындағы іргелі бастамалардың бірі.

Орталықтың миссиясы – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060589-astanada-xalyqaralyq-zasyl-texnologiyalar-ortalygynyn-bassysy-ustaldy/