Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Алматыдағы көкөніс дүкенінде болған атыстың видеосы тарады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көкөніс дүкені
Көкөніс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда көкөніс сататын дүкенде атыс болды. Желіде дүкеннің бейнебақылау камерасына түскен видео тарады. Бұл факт боййынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видео бүгін EGOV.PRESS Telegram арнасында жарияланды.

Видеодадан көкөніс сататын дүкен іші мен онда жүрген ер адамдарды көруге болады. Бір кезде атыс дауысы естіледі. Қорыққан адамдар көкөніс салынған жәшіктердің артына тығыла бастайды.

Кейінірек кадрда винтовка ұстаған адам көрінеді.

Алматы полиция департаменті бұл факт бойынша бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алайда кейін бап өзгертілген.

"Алғашқы жедел-іздестіру іс-шараларының мәліметтерін ескере отырып, келесі күні Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қылмысты кісі өлтіруге оқталу ретінде қайта саралады, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Айғақ болатын заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Бейнежазбада түсірілім күні 2023 жылғы 30 желтоқсан екені көрсетілген. Полицейлер видеодағы "ескі факт" екенін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060592-zelide-almatydagy-kokonis-dukeninde-bolgan-atystyn-videosy-tarady/