Теміртауда дүкенде газ жарылды: үйінді астынан бір адам іздестіріліп жатыр (видео)
Жарияланған күні:
Теміртауда екіқабатты дүкенде газ жарылып, ғимарат өртке оранған. Үйінді астынан әйел адам шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Ведомсто мәліметінше, бүгін сағат 08.06-да Теміртау қаласы, Ватутин көшесіндегі 2 қабатты дүкенде газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкен ғимараты опырылып, өртке оранды.
"Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері анықталды. Үйінділерді тазалау жұмыстары басталды. ТЖД күштерінен 17 адам және 5 техника жұмылдырылды, оның ішінде 5 техника оқиға орнына бара жатыр.", - делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, сағат 08.44 үйінді астынан әйел адам шығарылды. Зардап шеккен әйелдің жағдайы нақтыланып жатыр.
Әйелдің сөзінше, үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді тазалу жұмыстары жалғасуда.
Сағат 09:08-дегі ақпарат бойынша 40 шаршы метр алаңда өрт оқшауланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061069-temirtauda-duken-gimaraty-gaz-zarylysynan-ortke-orandy-uiindi-astynan-aiel-adam-sygaryldy/