Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты (фото, видео)

Жарияланған күні:

Пәтердегі өртті сөндіру сәті
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ / Айгерим Аскарова

Бүгін кешқұрым елордадағы "7я" тұрғын үй кешеніндегі үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты. Төтеншеліктер бір әйел терезе арқылы құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталғанын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрғын үй кешені өртеніп жатқанын куәгерлер хабарлады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 18:21-де өртсөндірушілер Астанадағы Тәуелсіздік, 21 мекенжайына жіберілген.

Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер пәтерді қалың түтін басқанын анықтаған.

Өртсөндіруішер автобаспалдақтың көмегімен пәтерден бір әйелді құтқарып, тексеру үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метр болған. Сағат 18.57-де өрт сөндірілді.

"Өртті сөндіру кезінде елордалық өрт сөндірушілер 30 адамды эвакуациялады, оның 12-сі бала және 3 адам құтақырылды, оның ішінде 1 бала бар. Құтқарылған адамдардың үшеуін жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнында тексерді", - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 26 адам мен 7 техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061232-astanada-turgyn-uilerdin-birindegi-paterden-ort-syqty-foto-video/