100 жол учаскесі жабылды, көліктер жүре алмай тұр: Қазақстанның тасжолдарында не болып жатыр
Жарияланған күні:
"ҚазАвтоЖол" өкілдері қазір тасжолдарда не жағдай болып жатқанын айтты - ауа райының қолайсыздығынан 16 облыста жолдың 100 учаскесі жабылып, көліктер кептеліп қалған. Бұл туралы ұлттық компанияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"ҚазАвтоЖолдың" Telegram-дағы ресми арнасындағы мәлімет бойынша, сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
- Абай облысында - 9 учаске (1243 км);
- Ақмола облысында - 27 учаске (2201 км);
- Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км);
- Алматы облысында - 1 учаске (84 км);
- Атырау облысында - 1 учаске (9 км);
- Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км);
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км);
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км);
- Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 км);
- Қарағанды облысында - 8 учаске (1158 км);
- Қостанай облысында - 11 учаске (1508 км);
- Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км);
- Павлодар облысында - 9 учаске (1624 км);
- Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1924 км);
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 км);
- Ұлытау облысында - 3 учаске (543 км).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 техника және 196 жолшы жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061277-100-zol-ucaskesi-zabyldy-25-myn-kolik-zure-almai-tur-qazaqstannyn-taszoldarynda-ne-bolyp-zatyr/