Қостанайда 6 жасар қыз ішінде суы бар құдыққа құлап кеткен
Жарияланған күні:
Қостанайда құтқарушылар құдыққа құлап кеткен қызды аман алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, бүгін Қостанай қаласының Әуежай шағынауданында 2017 жылы туған қыз абайсызда жылу құдығына құлап кеткен.
ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен.
"Оларға бейтаныс адам да көмектесті. Құдықтың ішіндегі судың биіктігі 60-70 см. Құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына берді", - делінген хабарда.
ТЖМ өкілдері ата-аналарды сергек болуға және балалармен сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062225-qostanaida-6-zasar-qyz-isinde-suy-bar-qudyqqa-qulap-ketken/