Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай аумағында тағы екі афтершок тіркелді: Қазақстанда сезілді ме

Жарияланған күні:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin/Getty Images

Қазақстандық сейсмологтар Қытай территориясында болған екі афтершокты тіркеді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмобақылау орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Біріншісін ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 04:44-те тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 406 км жерде орналасқан.

Екінші афтершок сағат 06:29-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 282 км жерде, Қытай аумағында.

Екі жағдайда да Қазақстан аумағында сілкініс сезілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064495-almatynyn-sygysynda-tagy-eki-ret-zer-silkindi/