Байқоңырда атыс болды: күдікті қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБайқоңырда бір топ адам жергілікті тұрғынға шабуыл жасап, травматикалық тапаншадан оқ атылған. Атыс шығарды деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қадағалау органының ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, прокуратура РФ Қылмыстық кодексінің 213-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды заңды деп таныды.
"Осы жылдың 5 наурызында кешкі уақытта күдікті 5-ықшамаудандағы №6 және №12 үйлердің арасында басқа адамдармен топ болып әрекет ете отырып, бұрын таныс болған жергілікті тұрғынға шабуыл жасағаны анықталды. Осы әрекеттерді жасау барысында күдікті травматикалық қарудан оқ атқан", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.
Күдікті ұсталып, Ресей Ішкі істер министрлігінің "Байқоңыр" кешеніндегі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жақын арада сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарайтыны хабарланды.
"Қылмыстық іс бойынша жасалған қылмысқа басқа қатысушыларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті қадағалау органы өкілдері.
Кешен прокуратурасындағы қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065017-baiqonyrda-atys-boldy-kudikti-qamauga-alyndy/