Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде өрт шықты, келушілер эвакуацияланды (видео)
Жарияланған күні:
8 наурызда Алматыдағы сауда орталығында өрт шықты – жиһаздар мен кеңсе жабдықтары өртенген, деп хабарлайды Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Telegram-дағы ресми арнасында.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, сағат 11-50-де Түрксіб ауданы, Сейфуллин көшесі, 9 а-да өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, өрт сөндірушілер келген кезде төрт қабатты "Жібек жолы" сауда орталығының 4-қабатында орналасқан әкімшілік кабинетінің оргтехникасы әрі жиһазы жанып жатқаны анықталды.
"Өрт оқпандары енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап алды. Атқарылған шаралармен өрт 12:13-те оқшауланып. 12:21-де жойылды", – делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер келушілерді эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар ведомство жазуынша, өрт сөндірушілер жақын маңда орналасқан кәсіпкерлердің дүңгіршектерін қызыл жалыннан аман сақтап қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065269-almatydagy-sauda-ortalyqtarynyn-birinde-ort-syqty-kelusiler-evakuaciyalandy/