Атырау облысында бүлдіршін балабақшада көзінен жарақат алды
Жарияланған күні:
Атырау облысында бүлдіршін балабақшада көзінен жарақат алды. Бұл жағдай 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы ауылдардың бірінде болған, деп жазады "АқЖайық" басылымы.
Басылым келтірген дерек бойынша, көзінен жарақат алған екі жасар бала қазір аудандық аурухананың хирургия бөлімінде емделіп жатыр.
Баланың қалай жарақаттанғаны белгісіз.
Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұған қоса камералардағы бейнежазбалар тексеріліп жатыр. Сондай-ақ полицейлер басылымға балабақша қызметкерлері мен оқиға куәгерлерінен жауап алу жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2066811-atyrau-oblysynda-buldirsin-balabaqsada-kozinen-zaraqat-aldy/