Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әріптестері тауып алған": Павлодар маңында ер адам ұйықтап жатып көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұйқыдағы ер адам
Ұйқыдағы ер адам. Көрнекі фото: Tim Kitchen/Getty Images

Павлодар маңында иіс тиген жігіт ұйықтап жатқанда көз жұмды, ал оның ата-анасы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға 11 наурызда қала маңындағы ауылда жеке үйлердің бірінде болған. Қайғылы жағдайға пештегі ақау себеп болған. Қабырғада жарықшақ пайда болып, содан иіс үйге қарай тараған.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері өрт болмағанын атап өтті.

"Қазір қысым бірде төмен, бірде жоғары, үнемі өзгеріп отырады, иіс соның салдарынан тараған. Тіпті ол жерде өрт кезіндегідей түтін де болған жоқ. Оларды ата-анасының жұмыстағы әріптестері тауып алған. Олар жұмысқа шықпағандықтан, іздей бастаған. Үйіне кіріп, болған жайтты көрген", - деді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев.

Ерлі-зайыптылар оқиға орнынан ауыр халде ауруханаға жеткізілді, ал олардың 27 жастағы ұлы иіс тиіп, үйінде қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2067513-ariptesteri-tauyp-algan-pavlodar-manynda-er-adam-uiyqtap-zatyp-koz-zumdy/