Алматының бірқатар ауданында жарық сөніп қалды
Жарияланған күні:
Ауа райының нашарлауы мен қалың қардың кесірінен Алматының бірнеше ауданында электр жарығы сөніп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әсіресе, Наурызбай ауданында, соның ішінде Қарағайлы ықшамауданындағы көп үйде жарық сөніп қалған.
Әуезов ауданындағы Almaty Mall сауда орталығы маңындағы, Медеуге баратын жол бойындағы, Республика алаңы маңындағы үйлер де жарықсыз қалды.
Алатау ауданында, Рысқұлов даңғылының сәл төменгі жағында да электр жарығы сөніп қалған.
Айта кетейік, бүгін кешкісін Алматы облысының Талғар ауданындағы кей елдімекендер де жарықсыз қалды. Мұнда трансформатордың қысқа тұйықталуы салдарынан қосалқы станция жанған.
Алматы облысының әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты кейбір елдімекендерде электр қуаты жаппай сөніп қалғанын, басқарма қалпына келтіру жұмыстарына мониторинг жүргізіп, бақылап отырғанын атап өтті
Аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктері кезекшілік ұйымдастырған, энергия жеткізуші ұйымның барлық авариялық-қалпына келтіру жасақтары жұмылдырылған. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2068569-almatynyn-kei-audandarynda-zaryq-sonip-qaldy/