Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында тапаншамен, арматурамен қаруланған екі адам автобусқа кіріп, жолаушыға оқ атқан

Жарияланған күні:

Тапанша ұстаған адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Темір арматурамен және травматикалық тапаншамен қаруланған екі ер адам қызметтік автобустағы жолаушыға шабуыл жасаған. Олар бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Атырау облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соттың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, Жылыой аудандық сотында атыс қаруын және денсаулыққа зиян келтіретін басқа заттарды қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралған.

"2023 жылғы 20 қарашада Жаңа Қаратон ауылында сотталушылар темір арматура және травматикалық тапаншамен қаруланып, тоқтап тұрған ЖШС-нің қызметтік автобусына кірген және бұзақылық ниетпен жолаушыны ұрып, оған қарай травматикалық тапаншадан екі рет оқ атқан. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен", – делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері салдарынан жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келген.

Сотталушылар кінәсін толық мойындаған. Сот жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінгенін, бұрын сотталмағанын ескерген.

Сот үкімімен сотталушылар Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен (Атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) кінәлі деп танылды. Оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2068845-atyrau-oblysynda-tapansamen-armaturamen-qarulangan-eki-adam-avtobusqa-kirip-zolausyga-oq-atqan/