Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 4 жасар бала жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Әлихан
Жоғалып кеткен Әлихан. Скриншот: instagram.com/gulmir_ktk/

Түркістан облысының Абай ауылында 4 жасар бала жоғалып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Гүлмира Әбіқайдың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Әлихан жоғалды. 4 жасар балақай (16/03/24) түстен кейін үйінен ойнауға шығып кеткен, содан ізі-қайым жоқ. Түркістан облысының Сарыағаш (Абай) ауылынан.

Ауыл жұрты жаппай Әлиханды іздеуде, елді мекен маңындағы каналға жарық түсіріп қарауда. Таңғы сәресіне тілек етіп қояйық, балақай дін-аман табылса екен", - деп жазды парақшасында журналист Гүлмира Әбіқай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2069649-turkistan-oblysynda-4-zasar-bala-zogalyp-ketti/