Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйқы жоқ": Ақтау тұрғыны үйде атыс болғанын айтып, елді дүрліктірді

Жарияланған күні:

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Видеодан кадр: lada.kz

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №53 үйде атыс болғаны туралы хабарлама пайда болды. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram желісінде Ақтау қаласындағы 4-шағын ауданның тұрғыны №53 үйде атыс болғанын хабарлады. Тұрғын 17 наурызға қараған түні мылтық даусын естіген.

"Ұйқы жоқ. Көршілер атысты. Адамдардың дені сау емес", – деп жазды Ақтау тұрғыны видеоға.

Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі түнгі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомстводан "102" кезекші қызметіне қоңырау 17 наурыз күні сағат 23.45-те келіп түскенін хабарлады.

"Үйде ешқандай атыс болған жоқ. Ағайынды екі жігіт пәтерлердің бірінде төбелескен. Олар ұсақ бұзақылық жасап, халықтың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді облыстық ПД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2070381-aqtau-turgyny-uide-atys-bolganyn-xabarlady/