Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержан Сәденов экс-ішкі істер министрі Тұрғымбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ерлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: Ішкі істер министрлігі

Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер Ішкі істер министрлігінің қазіргі басшысы Ержан Сәденовтен бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істің мән-жайын сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

БАҚ өкілдері ішкі істер министрінен Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды ма, қозғалса неге енді ғана қозғалып отырғанын сұрады.

"Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп жатқан жоқ, сондықтан пікір білдіре алмаймын – қандай іс, қандай бап бойынша екенін. Істі құзырлы органдар қозғап, тергеп жатыр, сондықтан сұрақты соларға қойыңыздар", - деп жауап берді Сәденов.

Бұл ретте журналистер ішкі істер министрінен тым болмаса қылмыстық істің бар-жоғын растап, оны кім тергеп жатқанын растауды сұрады. Алайда министр ештеңені растай алмайтынын айтты.

"Бірақ сіз жаңа ғана бірінші жауабыңызда басқа орган тергеп жатыр деп айттыңыз, яғни сіз оны жанама растадыңыз. Демек сізде ондай ақпарат жоқ па?" – деп сұрады журналистер.

"Мұндай ақпарат жоқ", – деді Ержан Сәденов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2071398-erzan-sadenov-eks-iski-ister-ministri-turgymbaevqa-qatysty-qozgalgan-qylmystyq-is-turaly-pikir-bildirdi/