Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында өзенге құлап кеткен үш адам іздестіріліп жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Фото: instagram.com/abaioblysytjd

Абай облысы Аягөз ауданында өзеннен өтемін деп суға құлап кеткен үш адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, 23 наурыздан бастап 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Ол Аягөз өзенінен өтпекші болған кезде, аттан құлап, суға кеткен деп болжануда. Ер адам ат үстінде өзі жұмыс істейтін "Шығыс" шаруа қожалығына бармақ болғаны анықталды", - делінген хабарда.

Сонымен қатар 26 наурыздан бастап 1957 және 1985 жылы туған тағы екі азамат іздестіріліп жатыр. Олар "МТЗ 82" маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде суға құлап кеткен.

Су айдындарының көктемгі ластануына және өзендердің ағу жылдамдығына байланысты іздестіру жұмыстары қиындаған.

Ведомство мәліметінше, 26 наурызда қараңғы түсуіне байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылған. 27 наурыз сағат 04:00-ден бастап құтқарушылар қайта жұмысқа кіріскен.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция департаменті, ЖАО, ӘБ күштері мен құралдары барлығы 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Адамдарға психологиялық көмек көрсету мақсатында ТЖД психологтары да оқиға орнына жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2074074-abai-oblysynda-suga-qulap-ketken-us-adam-izdestirilip-zatyr/