Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтірген: күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтірген. Полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында болған жайттың жантүршігерлік кадрларын жариялады. Оның жазуынша, жанжал элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны мен күзетшісі арасында болған.
"Нақты не болғаны әзірге белгісіз, бірақ үй тұрғыны күзетшімен сөйлескеннен кейін көлігін қақпаға соғып, одан кейін көлікпен күзетшіні қағып, оны тепкілеп, жұдырықпен ұрған", - деп жазады автор.
Алматы полициясы NUR.KZ тілшісіне адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге өлімге алып келген ауыр дене жарақаттарын саалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталуда", - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2075406-almatyda-turgyn-ui-keseninin-kuzetsisin-qatigezdikpen-oltirgen/