Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында болған атыс: төрт күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: piqsels.com

Қарағанды облысында кісі өлтіруге оқталған төрт күдікті ұсталды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары бойынша, Ағадыр ауылының тұрғынына атыс қаруын қолданып, кісі өлтіруге оқталу күдігімен 28-47 жас аралығындағы төрт ер адам ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Қарағанды облысы полиция бөлімі бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Еске салайық, 31 наурызда Қарағанды облысындағы Шет ауданы, Ағадыр ауылында бірнеше адам төбелесіп, кейін атыс болғанын жазған едік. Салдарынан ер адам оқ жарақатын алған.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес, адам өлтіру, яғни адамды қасақана өлтіруге оқталу бойынша заң бұзушылыққа байланысты сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал егер бұл заң бұзушылықты бір топ адам жасаса немесе бұзақылық ниетпен кісі өлтірілсе – қылмыскердің мүлкі тәркіленуі мүмкін әрі он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 24-бабына сәйкес, егер қылмыс қандай да бір жағдайларға байланысты аяқталмаса, қылмыс жасауға тікелей қасақаналықпен жасалған әрекет (әрекетсіздік) қылмыс жасауға оқталу деп танылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, қылмыс жасауға оқталғаны үшін тағайындалатын жаза қылмыс жасалғандағы тағайындалатын жазамен тең болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2076594-qaragandy-oblysynda-bolgan-atys-tort-kudikti-ustaldy-video/