Алматыда ер адамды соққыға жығып, видеоға түсіргендер ұсталды
Жарияланған күні:
Алматыда ер адамды соққыға жығып, видеоға түсіргендер ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Видео әлеуметтік желілерде жарияланған. Оның кадрларында жігітті ұрып-соғу әрекетін көруге болады. Видеоға түсірген адам жәбірленушінің бетінен ұрмауға кеңес береді.
"Зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген қалалық полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне берген хабарында.
Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші қатысушы ұсталып, қамалған. Алайда істің жай-жапсары айтылмайды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2078567-almatyda-er-adamdy-soqqyga-zygyp-videoga-tusirgender-ustaldy/