Қарағанды облысында екі бала өлі табылды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Әйелді тәртіп сақшылары ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Екі және төрт жасар екі баланың денесі Бұқар жырау ауданындағы шағын ауылдағы үйлердің бірінен табылған.
Ауылдастарының айтуынша, балаларды біреу тұншықтырып өлтірген болуы мүмкін. Балалардың анасы осы қылмысты жасады деген күдікке ілінді.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол басқарма басшысының назарында.
"4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың денесі табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың анасы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді. Бұл ретте тергеушілер әйелден жауап алып, оның психиатр немесе наркологта есепте тұрған-тұрмағанын анықтауы керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2079554-qaragandy-oblysyna-eki-bala-oli-tabyldy/