Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқыны: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтары
Батыс Қазақстан облысы. Фото: ҚР ТЖМ

Прокуратура органдары елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін анықтауда. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметі бойынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінгі күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар салдарларды жою және азайту, жаңа аумақтарды су басуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, әкімдіктер мен басқа да қызметтердің 10 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылған.

"Ең күрделі жағдай Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында қалыптасуда. 

Прокуратура органдары нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін анықтайды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылы іске асырылуы мен толықтығы зерттеліп жатыр. Зерттеу қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

"Бүгінгі таңда прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады.  

Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді.  

Проблемалық учаскелерді қоршау және патрульдеу, азаматтардың мүлкін қорғау қамтамасыз етілген.

Осы қиын кезеңде азаматтарды дүрбелеңге түспеуге шақырамыз, әрбір зардап шеккен отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде көмек көрсетіледі" , - дейді Бас прокуратура өкілдері.     

Ведомство өкілдері мәселе прокуратура органдарының тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.  

Прокуратура өкілдері өтемақы алу алгоритмі үкіметтің қаулысымен бекітілген арнайы ережелермен нақты реттелгенін атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек төлеуге кіріскен. 

Жалпы барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен құқықтық тәртіп органдары еріктілердің қолдауымен күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

"Қалыптасқан жағдай аясында халық пен БАҚ-ты жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.  

Жалған ақпаратты орналастыру, тарату әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Құқықтық сипаттағы барлық мәселелер бойынша, оның ішінде залалды өтеу бөлігінде Сіз тұрғылықты жері бойынша прокуратура органдарына жүгіне аласыз. Сізге міндетті түрде көмек көрсетіледі", - делінген прокуратура хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080088-qazaqstandagy-su-tasqyny-bas-prokuratura-malimdeme-zasady/