Алматылықтар жер сілкінісін сезді
Жарияланған күні:
Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, Алматыда жер сілкінісі 2 балл болып сезілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмобақылау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 7 сәуірде сағат 13:46-да Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.
Магнитудасы – 5.3, тереңдігі – 20 шақырым. Сезілуі туралы мәлімет (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы – 2 балл.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2080319-almatylyqtar-zer-silkinisin-sezdi/