Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны болған Құлсарыда бір отбасының екі бірдей мүшесі жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі фото: pexels.com

Құлсарыда екі ер адам – әкесі мен ұлы жоғалып кетті. Олар резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен, бірақ әлі күнге дейін олардан хабар жоқ, деп хабарлайды КТК арнасы.

Атырау облысының Құлсары қаласында Жем өзенінің тасуы салдарынан су басқан болатын. Салдарынан екі ер адам із-түссіз жоғалып кетті. Телеарна дерегінше, әкесі мен баласы резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен, содан бері олардың қайда екені белгісіз.

Телеарна ақпараты бойынша, 3 мыңға жуық үй мен объектіні топан су басқан. Кейбір жерлерде үйлерінен шығып үлгермеген адамдар бар, оларды құтқарушылар құтқарып отыр. Ал аулалардан жүздеген үй жануарлары мен ірі қара мал шығарылып жатыр.

Өткен демалыстарда Құлсарыда дүкендер, дәріханалар мен жанармай құю бекеттері жабылған болатын. Бүгінде бұл нысандардың басым бөлігі қайта жұмысын жандандырды.

"Құлсары қаласындағы жағдай үш күн бұрын ушығып кеткен болатын. Қазір су тартылып жатыр. Әлі де су шайып жатқан жолдар бар. Жалпы айтқанда, су деңгейі 40 сантиметрге, кей жерлерде 20 сантиметрге дейін төмендеген", – деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жантөре Демешов.

Дереккөз: КТК

Еске салайық, кеше таңғы сағат 11.00 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылғаны туралы жазған едік.

Бұған дейін 6 сәуірде Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 мыңға жуық адам, оның ішінде 5,5 мыңға жуық бала эвакуацияланғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Облыс әкімімен сөйлесу барысында президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2081177-su-tasqyny-bolgan-qulsaryda-bir-otbasynyn-eki-birdei-musesi-zogalyp-ketti/