Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су астында қалған Құлсарының қазіргі жай-күйі қандай

Жарияланған күні:

Читать на русском
Құлсарыдағы су басқан үйлердің жоғарыдан түсірілген видеосы
Құлсарыдағы су басқан үйлер. Видеодан кадр: instagram.com/massaget.kz

Атырау облысындағы Құлсары қаласы су тасқынынан қатты зардап шекті – өткен аптада қаладан мыңдаған адам эвакуацияланды. Massaget.kz басылымы Құлсары қаласының қазіргі келбетін көрсетті.

6 сәуірде қаладан 15 мың адам эвакуацияланса, оның 5,5 мыңға жуығы балалар екені хабарланды. Эвакуация үш бағытта жүргізілді: Атырау қаласына, Теңіз вахталық лагеріне және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына.

Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы өңірдегі су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Сонан соң Құлсарыға премьер-министр Олжас Бектенов келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2081243-su-astynda-qalgan-qulsarynyn-qazirgi-zai-kuii-qandai-video/