Орал қаласының орталығында ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Орал қаласының орталығында ер адамның көзге көрінетін жарақаттары бар денесі табылды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады "Мой город" порталы.
Басылымның полиция деректеріне сілтеме жасап жазуынша, 10 сәуірде полицияға Оралдағы зауыт аумағында бір адам жатқаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары еуропалық келбеттегі ер адамның денесін тапқан.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, марқұмның жасы қырықтар шамасында.
"Денеде көзге көрінетін жарақаттар бар", - деді Абай полиция бөлімінің бастығы Аслан Айтмұханов.
Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция басқа да мән-жайларды анықтап жатыр.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда балалар алаңында ер адамның денесі табылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2082590-oral-qalasynyn-ortalygynda-er-adamnyn-denesi-tabyldy/