Алматы облысында әйелді соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады
Жарияланған күні:
Алматы облысында әйелін соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады. Полиция бұл оқиға туралы түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. Онда ер адам еденде жатқан әйелге күш көрсеткен.
Видеоға қатысты Алматы облыстық ПД аккаунтының пікірі жарияланды.
"Бұл факт Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 3-тармағының 2-бөлігі бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелгенін хабарлаймыз", - делінген хабарда.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарасай ауданының ПБ өкілдері видеодағы ер адамның жеке басын анықтап, полицияға жеткізген. Ол 1979 жылы туған.
"Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2084747-almaty-oblysynda-aielin-soqqyga-zyqqan-er-adamnyn-videosy-tarady/